Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
-2.39
533.75
-2.22
¥
67.85
-0.21
5.36
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да еріген қар суын кеуіп бара жатқан көлге құяды

Соңғы жылдардағы құрғақ ауа райына байланысты Күршім ауданындағы Тораңғы көлінің радиусы 500 метрге тартылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / ШҚО-да еріген қар суын кеуіп бара жатқан көлге құяды
Фото:
Күршім ауданы әкімдігінен

Судың тартылуы салдарынан балық саны да, жануарлар да азайған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көл суы осылайша тартыла беретін болса, соңы елеулі экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Сол себепті де аудан әкімдігі көл суын толтыру мақсатында қарғын суды Тораңғыға бұру жұмыстарын қолға алған.

Елдің басым бөлігін тасқын су басып, мыңдаған адам баспанасынан, малынан айырылды. Осындай апаттың алдын алып, еріген қар суын дұрыс мақсатта пайдалану үшін Күршім ауданының әкімдігі кеуіп бара жатқан Тораңғыны еріген қар сумен толтырмақ.

Күршім ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу және көлді қалпына келтіру мақсатында Сарыөлең ауылында Жауғашты каналының 15 шақырымын тазарту және "Кубань" учаскесінде ұзындығы 4,5 шақырым су өткізу каналын кеңейту жүргізілді. Қазір мамандар "Тораңғы" көлінде су деңгейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, техникаға арналған көпір құрылысы басталды, - деп хабарлады Күршім ауданының әкімдігі.

Осы мақсаттағы жұмыстарға кран, тиегіш, екі КамАз, шынжыр табанды экскаватор, 1,5 тонналық тиегіш және 10 адам жұмылдырылған.

Көлді сумен толтырған жағдайда балық шаруашылығының әлеуеті артады, сондай - ақ су айдынында басқа да қызмет түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді, - деп толықтырды аудан әкімшілігі.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда әкімдік аграршылармен бірлесіп ауыспалы егісті қайта қарау және көктемгі және жазғы кезеңге арналған дақылдарды ылғалмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды бастады.

Следующая →