Өскеменде "Жарқыл" әскери-патриоттық ойындары өтті
Оған қалалық мектептерден барлығы 400-ге жуық бала қатысты
Өскеменде дәстүрлі түрде жылда өтетін әскери-спорттық ойын әрдайым қала маңындағы тау бөктерінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірақ жылда жаңа сценаримен өрбиді. Биыл оқушылар отандық әскерилерге қару мен ас-ауқат жеткізуші көліктерге тосыннан жасалған шабуыл кезінде жауға төтеп берді.
Жастар күш, ептілік және тапқырлық жағынан сынға түсті. Ал оларға Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестігінің тәлімгерлері көмектесті.
"Жарқыл\Зарница" ойындары қалада қанша жылдан бері дәстүрлі түрде өтикізіліп келеді. Бұл әскери-патриоттық ойындар оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырады. Сондай-ақ, бұл шара ҚР Қраулы күштерінің имиджін көтеріп, жастар арасында әскери қызметті насихаттауға бағытталған. Жалпы "Жарқыл\Зарница" ойындары үш кезеңнен тұрады. Бүгін соңғы тактикалық ойындар өтеді, бұнда жастар ұрыс кезінде қалай әрекет ету, қалай шешім қабылдау керектігін үйренеді. Қаладағы 41 мектептің әскери клубтарынан барлығы 400 бала қатысты. Әр командада 8 баладан, - дейді "Жастар" ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.
Ұлдар мен қыздар өздерін бірнеше сағат барлаушылар, тау атқыштары және минометшілер рөлінде болды. Орман, тау мен тасқа қарамастан ойын қатысушылары ерік-жігердің арқасында өздеріне қойылған міндетті мүлтіксіз орындап, тапсырманы дұрыс орындап шықты.
Бұл жарыс барысында біздің елге басқа мемлекеттер шабуыл жасаған уақытта қалай әрекет ету керектігін білдік. Ұрыстар тау арасында болғандықтан алдын алу шаралары, қандай техниканы қолдану, қандай тактиканы пайдалану керектігін үйрендік. Біздің команда тау үстінен барлаушы снайперлер рөлінде болды. Тау етегіндегі шабуылдаушы топқа ақпарат беріп отырдық. Бірлескен жұмыс арқылы жаудың қолына түскен қару-жарақ пен азық-түлік тиелген техникаларды қайтарып алдық, - дейді №46 мектеп оқушысы Бекзат Жексенбаев.
Ойын қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз атанды:
1-орын – "Алаш" командасы
2-орын – "Бірлік" командасы
3-орын – "Айбын" командасы
Жеңімпаз командаларға жүлде ретінде мектептегі алғашқы әскери дайындық сыныптарына қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.