Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Денедегі мең мен қалдың қандай қаупі болуы мүмкін?

ШҚО-да тері обыры бойынша 1743 адам және меланомасы бар 202 адам диспансерлік есепте тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / Денедегі мең мен қалдың қандай қаупі болуы мүмкін?
Фото:
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығынан

Өңірдегі онкологиялық аурулар арасында тері қатерлі ісігі жетекші орында, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Адам денесіндегі мең мен қалдың теріде қатерлі ісік тудыратын түрлері бар. Әдетте кей адам денесіндегі туа бітті немесе жүре қалыптасқан қал мен меңді табиғи ерекшелік деп, мән бермейді. Тіпті оны денсаулығына қауіпсіз деп ойлайды. Алайда денедегі өскіннің түр-түсіне мән берген жөн. Терідегі дақтар мен өсінділердің ішінде өмірге қауіп төндіретіндері де бар. Солардың бірі - меланома. Сондықтан қазір тері меланомасын анықтау және емдеу онкологияның күрделі мәселелерінің біріне айналған.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары ақпаратына сүйенсек, былтыр тері қатерлі ісігінің 472 жаңа жағдайы және меланоманың 41 жаңа жағдайы тіркелген. Ал биыл бірінші тоқсанда 90 тері қатерлі ісігі және 9 меланома тіркелді. Көбінесе ауру Өскемен, Риддер, Глубокое, Шемонаиха аудандарында және Алтай ауданы тұрғындарынан анықталады.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, тері қатерлі аурулары көбінесе ақшыл адамдар және 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер бейім келеді екен. Жас ұлғайған сайын адамның меңі ақырын өседі, аздап формасы өзгереді, өңі де дене түсіндей болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ал үлкейіп, беткі қабаты қарая түссе, беті қышып, ауырсынса оған бейжай қарауға болмайды, оның соңы ауыр жағдайға ұласуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге қаралған дұрыс.

Жалпы тері қатерлі обырының үш түрі: терінің базальді жасушалы, жалпақ жасуашалы қатерлі ісігі және ең қауіптісі – меланома. Аймақта терінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау көрсеткіші жоғары. Ерте кезеңдерде терінің қатерлі ісігі 99,2% жағдайда, меланома 93,3% жағдайда анықталады, - деп атап өтті ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлмира Сағидуллина. - Дертті көбінесе медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарындағы тексеру кабинеттерінен өткен кезде мамандар анықтап жатады. Күдік туындаса, науқас бірден онкологқа жіберіледі.

Онколог маман теріні арнайы медициналық құралдардың көмегімен жіті тексеріп, нақты бағалайды. Мәселен, тері қатерлі ісігін анықтаудың негізгі әдісі – дерматоскопия. Тері қатерлі ісігін анықтаудың және меңді өзгертудің негізгі әдісі - дерматоскопия. Диагнозды растау үшін дәрігерлер өскіннің таңбасын, қырындысын алып, цитологиялық зерттеуге жөнелтеді. Егер меланомаға күдік болса, гистологиялық зерттеу жүргізіліп, кесуге жіберіледі.

imgonline-com-ua-Resize-CjjDBIBKBDmO2.jpg

Облыста бұл ісіктерді емдеудің бірнеше тәсілдері бар: хирургиялық жолмен кесу; криодеструкция (сұйық азотпен жою); жақын фокусты рентген терапиясы, - дейді бас онколог. - Ал осындай тері қатерлі ісігінің алдын алу үшін мамандар күн сәулесінен қорғану керек. Терінің қатерлі ісігіне көбінесе әйелдер шалдығады екен, өйткені олар жиі күн сәулесіне қыздырынады.

Сондай-ақ, мамандар халық көбінесе бұндай өскіндерді өз бетінше емдемек болып, сүйелшөппен күйдіріп тастайтынын айтады. Егер қауіпсіз сүйел болса, ол жоғалып кетеді. Ал егер меланома болса, оны асқындырып алу қаупі жоғары. Сондықтан өз қателік жасамай, бірден дәрігерге көрінген абзал.

Осы орайда айта кетейік, денесінде қандай да бір жаңа өскінді байқаған, қалы мен меңі бар шығысқазақстандықтар онколог мамандардың тегін тексерісінен өте алады. ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы 25 мамырда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін терінің қатерлі ісігі және меланома туралы республикалық хабардар болу апталығы аясында Ашық есік күнін өткізеді. Яғни, бұл күні облыс тұрғындары терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.

Мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана). Барлық сұрақтар бойынша +7 (7232) 48-91-51, +7 778 003 78 45 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Следующая →