Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласының әкімі көшелердегі шұңқырларды бітеу жұмыстары барысын бақылады

Өскемен қаласы әкімдігі "100 күнде 10 000 шұңқыр" жол шұңқырларын жөндеу бағдарламасын қолға алған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Өскемен қаласының әкімі көшелердегі шұңқырларды бітеу жұмыстары барысын бақылады
Фото:
Устинка LIVE

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Есенберлин даңғылы, "Бәйтеректің" маңы, Қабанбай батыр көшесі мен Виноградов көшелерінде жөндеу жұмыстары барысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл аймақтардағы шұңқырларды жөндеу туралы өтінішті қала тұрғындарынан түскен. Яғни, Telegram-бот (oskemen_bot) және мобильді қосымша арқылы қаланың кез келген тұрғыны жолдағы шұңқыр туралы хабарлай алады. Өтінімде өтініш білдіруші адам аты-жөнін, кері байланыс телефонын дұрыс көрсетуі, учаскенің орналасқан жерін бөлісуі, фотосуретті тіркеуі (дүкенге, аялдамаға немесе тұрғын үйге, әкімшілік ғимаратқа байланыстыру) қажет.

"100 күннің ішінде 10000 шұңқырды жөндеу" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды. Бүгінгі күні 61 өтініш түсті, отызы жұмысқа алынды. Виноградов, 30-шы гвардиялық дивизия көшелері мен ЖМК, Аблакет аудандарындағы көшелер бойынша өтініштер көп болды, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а. Абзал Маулетханов. - Конкурстан өткен мердігер компаниялар қаланың әр ауданында шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тағы мердігерлер тартып, жұмыстарды тез арада бітіруге тырысамыз.

Халықтан түскен өтінішті алған мердігер компания жұмыс аяқталысымен өтініш білдірген адамға фотоесеп беруге міндетті.

Виноградов көшесіндегі жұмыстарды жүргізіп жатқан негізгі мердігер -"РемДор" ЖШС. Ол 205 млн теңгеге 37 мың шаршы метр аумақтың шұңқырын жөндеуі керек.

Қазіргі таңда 300 тонна жол битумы, 10 мың куб инертті материалдар дайын. Оның 5 мыңы қиыршық тас болса, 5 мыңы құм. Бұл барлық объектілердегі шұңқырларды бітеуге жеткілікті. Сонымен қатар, жеті қосымша мердігер бар. Олар қаланың жеті ауданында жұмыс жүргізіп жатыр. Әрқайсысы біреуден, шамасы келгендер екі бригададан шығарып жатыр. Жұмыс жаңа басталып жатыр, артынан бригадалар санын көбейтіп, жұмысты бір айдың ішінде тәмамдау керек, - дейді "РемДор" ЖШС Бауыржан Темірханов.

Следующая →