ШҚО-да алдағы күндері ауа райы қандай болады?
30 наурыз - 02 сәуір аралығында күн жылынып, облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 30 наурызда күндіз және түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүммкін.
Өскемен қаласында да жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
30 наурыз – 02 сәуір аралығында облыс аумағында температура жоғарылап, жаңбыр жауады деп болжануда. Сондай-ақ, қардың қарқынды еруіне байланысты өзендерде су деңгейі көтеріл қаупі жоғары.
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбургтің үстінде орналасқан кең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізетін болады. 30 наурызда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашынды болады деп болжануда.
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 жылуға дейін жоғарылайды деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы +6-дан -2-ге дейін төмендейді, күндіз 5-18 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батыста ауа температурасының түнде 1-6-ға, күндіз 13-18-ге дейін көтерілуі болжанады.