Өскеменде автобус жүргізушісі ұйықтап кетіп, қоршауға соғылған
Жарақат алған жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді
Жол-көлік оқиғасы 28 ақпан, сәрсенбі күні сағат таңғы 04.00 шамасында орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ПД ақпаратын сүйенсек, 66 жастағы автобус жүргізушісі Грейдерная көшесі жақтан Теміржолшылар көшесінде келе жатып бетон қоршауға, шаруашылық нысандарға соғылған.
Жүргізуші ауруханаға жатқызылған. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы жүргізушінің жағдайы орташа деп бағалады. Қазір ол бас-сүйек жарақатымен ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.
Оған қатысты ҚР ӘКК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы заңбұзушылығы үшін ол 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.