Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қаржылық сауаттылық курстарынан өткендерге сертификаттар табысталды

Өңірде "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 450-ден астам адам қаржылық сауатын арттыру курстарынан өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қаржылық сауаттылық курстарынан өткендерге сертификаттар табысталды
Фото:
AMANAT партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінен

Күні кеше оларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық саутылығын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай AMANAT партиясының бастамасымен "Қарызсыз қоғам" жобасы жүзеге асырылуда.

Ақпан айының 5-інен бастап қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған оқу облысымыздың Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарында жүргізілген.

Мен көпбалалы анамын. Қазір бала күтіміне байланысты үйде отырмын, - дейді курстан өткен Панаргүл Болатқайқы. - "Қарызсыз қоғам" курстары туралы біліп, қатысып көрдім. Курс барысында мемлекет тарапынан халықтың шағын бизнесін қолдауға арналған түрлі гранттары бар екенін білдім. Өз ісіммен айналысу туралы түрлі идеялар туындап, жоспар құрып жатырмын. Осының барлығын жүзеге асыруға мемлекеттік орган қызметкерлері жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп көмектесіп жатыр.

Азаматтарды қаржылық сауаттылық бойынша Астана қаласына барып арнайы курстан өткен менторлар оқытады. Оқу ұзақтығы 5 күн. Түске дейін жалпы бағдарлама бойынша жүргізілсе, түстен кейін қатысушының қалауы бойынша жеке кеңестер беріледі.

Курсты тәмамдаған азаматтарды құттықтаймын. Өздеріңізге пайдалы білім алып, өз бюджеттеріңізді қалай жоспарлау керек екенін, оны қалай жұмсау керектігін үйренді деп ойлаймын. Курста берілген ақпарат өмірлеріңізде қажеттеріңізге жарайды деп сенемін, - дейді AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жумадилова.

Жоба аясында жыл соңына дейін 6500 тұрғынды қаржылық сауаттылыққа оқыту жоспарланған.


Қаржылық сауаттылық бойынша білім аламын деген кез келген азамат AMANAT партиясы филиалдары арқылы немесе жергілікті ауылдық округтердің әкімшіліктері арқылы жазуылуларына болады. Сондай-ақ, өтінішті Qogamfin.kz сайтында да қалдыруға болады.

imgonline-com-ua-Resize-TV5M6otfWq1pKOTV.jpg

Следующая →