Бүгін Oskemenbus істемей тұр
Өскемендіктердің қоғамдық көлік қозғалысын бақылауға арналған қосымшада ақау шықты
Оған "Қазақтелеком" АҚ тарапының жұмысында ақаулар орын алуы себеп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін, 2024 жылдың 1 ақпан "Қазақтелеком" АҚ тарапының жұмысында ақаулар орын алғанын хабарлағымыз келеді. Ақаулардың салдарынан Oskemenbus қосымшасына да әсер еткен, сондықтан желідегі автобустар туралы ақпарат дұрыс көрсетілмеуі мүмкін, - делінген Өскемен қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының хабарламасында.
Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ мамандары туындаған ақауларды жоюмен жұмыс жүргізуде.