Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жас ғалымдарға баспана алуға арналған кредиттік бағдарлама іске қосылған

1 желтоқсаннан бері 9 адамның өтініші мақұлданған

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Жас ғалымдарға баспана алуға арналған кредиттік бағдарлама іске қосылған
Фото:
pexels

2023 жылғы 1 желтоқсанда «Отбасы банкі» жас ғалымдарға қолжетімді тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ алғаш рет жас ғалымдарға қолжетімді кредит берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты.

Бұл бағдарлама академиялық ғылыммен айналысатын жастарға арналған. Біз өз бағдарламамызды әзірлеп, қазір салада жұмыс істейтін жас ғалымдардан өтінімдер қабылдап жатырмыз. Бұл Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты 53 ұйым. Оның ішінде, Мемлекет институты, Математика және математикалық модельдеу институты, Экономика институты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Тарих және этиология институты және т.б., - деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, 9 өтініш мақұлданды. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды.

Бұл жас ғалымдарға алғашқы пәтерін сатып алуға, Қазақстанда қалып, ғылыми зерттеулерін жалғастыруға мүмкіндік береді, - деді спикер.

Бағдарлама алдағы 5 жылда жүзеге асырылады, «Отбасы банктің» кірісінен қаржыландырылады.

Следующая →