Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандықтар Кореяда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтеді

Новости спорта / Новости спорта в мире и Казахстане / Қазақстандықтар Кореяда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен 17 жолдама бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Байрақты бәсеке алдында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев отандық делегацияның және Олимпиадаға қатысатын спортшылардың дайындығы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.

Жасөспірімдер олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама командамыз сапалы дайындалып, нәтижелі өнер көрсетуі үшін биыл шешуді талап ететін бірқатар ұйымдастыру мәселелері бар. Осыған байланысты барлық сұрақты жан-жақты талқылап, уақтылы шешу қажет. Бұл Ойындар еліміз үшін маңызды іс-шаралардың бірі. Өйткені қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ұлттық құрама команданың болашақта ізін басатын спортшыларымыздың әлеуетін көрсетеді, - деп атап өтті министр.

Ойындарға қатысатын спорттық делегацияның сапалы құрамын қалыптастыру, ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес спорттық жүктеменің тізбесін пысықтау, делегация мүшелерін жабдықтау кестесін бекіту, спортшылардың дайындық барысы мен ту ұстаушыларды бекіту және тағы басқа маңызды мәселелер тапсырылды.

Канвондодағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен (биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей) 17 жолдама бар. Ал жалпы Олимпиадаға жер-жаһанның 70 елінен келетін 1 800 (900 ұл, 900 қыз) спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Следующая →