Сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді
Оқиға Абай облысындағы Ақсуат ауданында жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды

Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады, деп хабарлады Устинка LIVE.
Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген.
Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаменті.
ҚР ҚК-ның 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.