Ұлан ауданында бүркітшілер сайысы өтеді
25 қарашада Бозанбайда "Шығыс салбұрыны-2023" халықаралық бүркітшілер фестивалі өтпек
Бәйгетөбеде саятшылар құс салып, тазы жүгіртіп сайысатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Бозанбай ауылы маңында орналасқан бәйгетөбеде шағын этноауыл бой көтеріп, қазақ үйлер тігіледі. Алтыбақан құрылып, балаларға арналған түрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырылады. Қолөнершілер көрмесі болады. Сонымен қатар, облыс садақшылары шоу ұйымдастарады. Ал қызығушылық танытқандар үшін садақ ату жаттығуларын ұйымдастырып, үйретеді, - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Фестивальді кез келген адам келіп тамашалай алады. Сондай-ақ, өңірдегі төрт туроператор @gastrotour.vko @altay_pro.kz @chakilev.tour @campau.kz қазақтың ежелгі өнері мен дәстүрін туризммен байланыстырып, тур ұйымдастырады.
Туристерді фестивальға 10 ақ түсті Mercedes-Benz Sprinter апарады. Қосымша автомобильдер де қосылады. Колонна жол полициясының сүйемелдеуімен жүреді. Алаңнан 50 атпен 1 сағаттық жорық-серуен ұйымдастырылады, - деп хабарлады ұйымдастырушылар. - Турға қосылу үшін билетті Дарья +7 (705) 155-73-29 ватсапп телефоны арқылы алуға болады.
Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін түрлі сыйлықтар дайындап жатқан көрінеді.
Осы орайда айта кетейік, бәйгетөбеде жиналған барлық қоқыс жиналып, сұрыпталып, қалаға қоқыс қабылдау пункттеріне тасымалданады.