Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сергей Коротин: әр адамға ерекше көңіл мен құрмет

Өскемен қалалық мәслихатына депутаттықа үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат кампаниясы кезінде сайлаушылармен 20 кездесу өткізіп, халықтың 100-ден астам тілегін тыңдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Сергей Коротин: с уважением и вниманием к каждому

"Жастарға қолдау, ардагерге ізет, еңбек адамына құрмет, қоғамдық кеңестерге көңіл бөлу!" - бұл өскемендік танымал кәсіпкер, меценат Сергей Коротиннің жылдар бойы өзгеріссіз келе жатқан ұраны, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оны азаматтар нағыз халық қалаулысы деп біледі. Өйткені Сергей Викторовичке сенім білдіретін жандар оған осымен төртінші шақырылымда дауыс бермек. Заңнамалық саладағы 12 жылында атқарған ісінің көп болғаны соншалық, кез келген кездесулерде №18 сайлау округінен VIII шақырылымдағы қалалық мәслихатынан депутаттыққа үміткер Коротинді таныстырып жатудың өзі артық. Халық оның қайырымды істерін біледі, берген сертінде тұратынына сенеді. Сол себепті сайлаушылармен кездесулері өзінің таңдаған бағытын бағамдап, облыс орталығы тұрғындарының талап-тілектерін анықтап, болашаққа нақты жоспар құру болып табылады.

Алдағы кезеңде барлығымыздың баса назар аударатынымыз – барлық азаматтардың мүдделерін қорғау болып табылады. Басты байлығымыз – адамдар. Біздің барлық қызметіміз жеке тұлғаның үйлесімді дамуы үшін лайықты жағдайлар жасауға, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталуы тиіс, - дейді әрдайым Сергей Викторович.


AMANAT партиясының кандидаты мәдениет, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорын ұжымдарымен және кәсіпкерлер, түрлі қоғамдық кеңестер мен ассоциация өкілдерімен кездесті.

Біз өскелең ұрпақты тәрбиелеу тақырыбын қызу талқылап жүрміз. Өйткені біздің мойнымыздағы жүк ауыр – өзіміз өмір сүретін және ұрпағымыздың болашағына арналған жағдайды біз өзіміз бүгін жасап жатырмыз, - дейді Сергей Коротин. - Біз рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиеге баса назар аударамыз, өйткені елдің болашағы көп жағдайда мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына қатысатын жастардың ұстанымына байланысты.

Сайлаушылардың өтініштері неігізінен Өскеменнің жауыр болған мәселелеріне қатысты: қоғамлдық көлік қызметі, экология, қоқысты уақтылы шығару және ҚТҚ алаңдарын ретке келтіру, қалдықтарды бейберекет жинағандарға жауапкершілікті күшейту. Депутаттыққа кандидат Коротин "Халықтық қатысу бюджеті" жобасына өтінім қалдыру тетігін жеңілдету, мектеп аумақтарын абаттандыру және өзге де азаматтардың көптеген ескертулерін назарға алды.

Сүйікті қаламыздың тұрғындары ондағы басты мәселелерге бейжай қарамай, шешу жолында белсенді атсалысатындары қуантады. Әсіресе ТҮКШ, көгалдандыру, жолдарды жөндеу және абаттандыру сұрақтарына қызығушылық танытады, - дейді Сергей Викторович. - Жоспар мен олардың орындалу мүмкіндігін талқылай отырып, сайлаушылардың ескертулерін ескердім. Өскемендіктердің белсенді азаматтық ұстанымы, оң көзқарасы, сайлауға қатысуға дайын екендігі өте құнды. Өскемен мен Қазақстанның болашағы үшін әркімнің дауысы маңызды!

Материалды орналастыру үшін республикалық бюджет есебінен "ШҚО Өскемен қаласы әкімінің аппараты" ММ төледі

Следующая →