Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде мергендер арасында сайыс өтіп жатыр

Өскемен гарнизонында құрлық әскерлеріндегі үздік батальонды анықтау үшін мергендер сынға түсуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде мергендер арасында сайыс өтіп жатыр
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

ҚР Қарулы күштерінің Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінде "Мергендер батальоны" сайысы өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

"Мергендер батальоны" жарысының негізгі мақсаты – Құрлық әскерлеріндегі үздік батальонды анықтау. Сонымен қатар, кенеттен тексерісте әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік әзірлікке қабілеттерін арттыру және әскери қызметшілерді жауапкершілікке үйрету, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеруге баулу болып табылады.

Құрлық әскерлерінде жалпы әскери және десанттық бөлімшелер арасында оқ ату машығын арттыру, штаттық қару мен қару-жарақтан оқ ату жаттығуларын (тапсырмаларын) орындау бойынша үздіктерді анықтау, тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы менгеру шеберліктері бағаланады.

Жарыс бойымдағы жауынгерлік рухты, батылдықты оятты, өте әсерлі болды. Батальон жеке құрамы түрлі қарудан оқ ату жаттығулары бойынша сынға түстік, - деді қатардағы жауынгер Бекарыс Әбдімұрат.

Сондай-ақ, батальон жеке құрамы атыс жаттығуларынан бөлек топография, қаруды бөлшектеп шашу және қайта жинап құрау бойынша нормативтерді орындады.


Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен
Следующая →