Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жазда да қолынан кітап тастамайтын оқушылар мараптталды

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана ұйымдастырған "Жаз кітаппен көңілді" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Жазда да қолынан кітап тастамайтын оқушылар мараптталды

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылды Президент Балалар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай қала әкімі Жақсылық Омар кітапхана басшылығына жазда уақытын тиімді өткізіп, кітапханаға жиі келетін кітапқұмар оқырмандарды марапаттауға ұсыныс тастаған.

- Біз жаздың басында осындай байқау жарияладық. Ол жазғы демалысының көп уақытын кітапханда өткізген кішкентай оқырмандар арасында болды. Конкурсқа 45 бала қатысты. Соның ішінде 4 бала жеңімпаз атанды. Кітапхана – руханият ордасы. Сондықтан барлықтарыңызды кітапханада қосымша білім алып, кітап оқуға шақырамыз, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Марапаттау салтанатына жиналған балалар қала әкімімен емін-еркін сұхбат құрды. Өздерінің ойларын, пікірлерін ортаға салды.

Мәселен, оқушылардың бірі ЖМК ықшам ауданына үлкен кітапханының керектігін де айтып қалды.

19-шы ықшам ауданына кітапхана салу жоспарда бар. Қазір Ілияс Есенберлин мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында үлкен кешен салуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде үлкен кітапхана да болады, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Ал кішкентай оқырмандардың бірі Ерке Алмасқызы өзінің "Терек мамығы" атты ертегі кітабының бір данасын қала әкіміне, екіншісін кітапханаға тарту етті. Ерке биыл жеті жаста.

Ерке бұл кітапты биыл жазды. Алдымен осы терек мамығы туралы зерттеу жұмысын жүргізді. Мамықтан болған өрт оқиғаларының алын алу үшін "Терек мамығы" атты ертегі жазды. Кітап екі қоян туралы. Яғни, қояндар мамықты қызықтап, жағып жіберген. Салдарынан табиғатқа зиян келген. Соны негізге алып жазды. Қызым бес жасынан бастап кітап оқып, өзі жұмбақ құрастырып, зерек болып өсіп келеді. Алдағы уақытта кітапты қаладағы кітапханаларға таратуды жоспарлап отырмыз, - дейді Еркенің анасы Ақмарал Ермекова.

Шара барысында балаларға арналған кітап көрмесі ашылды. Кішкентай оқырмандар өздрінің демалыста оқыған кітаптарын әңгімелеп, өлеңмен өрнек өрді.

Следующая →