Семейде автовокзалдағы автобустардың үстіне темір құлады
Екі автобусқа зақып келген, адамдар зардап шеккен жоқ

Оқиғаның мән-жайын ТЖД қызметкерлері анықтауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облыстық ПД ақпаратына сүйеніп.
Оқиға кеше түскі уақытта орын алған.
Сағат 12.15-те "102" арнасына орталық автовокзал аумағында оқиға болғаны туралы хабарлама түсті. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, "АҚШЫН" сауда үйінің металл құрылғысы автобустардың үстіне құлап, екі автобусқа зақым келтірген, - делінген Абай облыстық ПД ақпаратында.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, азаматтар арасында зардап шеккендер жоқ, дегенмен автопаркке материалдық шығын келтірілген.