Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өрт сөндіру көлігіне жол бермеген жүргізушіге айыппұл салынды

Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен ШҚО ТЖД құтқарушылары бірлесе арнайы профилактикалық рейд жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өрт сөндіру көлігіне жол бермеген жүргізушіге айыппұл салынды
Фото:
ШҚО ТЖД

Төтенше жағдай кезінде адам өміріне қауіп төнген сәтте әр секунд маңызды. Қаламызда дабыл дыбысын естісе де, өрт сөндіру көліктеріне жол бермейтін жүргізушілер көп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Рейд барасында полиция қызметкерлері жүргізушілердің өрт сөндіру көлігіне жол беретін-бермейтінін тексерді. Нәтижесінде бір құқық бұзушыны ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция басқармасы қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері жоғарыда аталған құқық бұзушылық бойынша 8 жүргізуші, облыс бойынша 12 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылған.

Қалада көлік жүргізушілерінің өрт сөндіру көлігіне жол бермеуі жиі кездеседі. Тұрғын үйлердің алдына қойылған автокөліктердің кесірінен автоцистерна өте алмай қалады. Қазақстан Республикасының "Өрт сөндіру ережесінің" 164-тармағына сәйкес ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға және сыртқы өрт сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдар, өтпелер мен кіреберістер өрт техникасы өте алатындай ашық болуы керек, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуатбек Кенжебекұлы.

Автокөлік иесі көлігін тұраққа қоярда арнайы техника өте алатындай орын қалдыруы керек.

Следующая →