Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алакөлдегі туризмді дамыту бойынша жол картасы әзірленуде

Алакөл көлін дамыту бойынша жол картасы аясында 40-қа жуық шара жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Урджар (Урджарский р-он) / Алакөлдегі туризмді дамыту бойынша жол картасы әзірленуде
Фото:
редакция мұрағатынан

Қазір Алакөл туристерді тарту нүктесі және облыстың ерекше визит картасына айналып барады, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов атап өткендей, жол картасы туристерге қолайсыздық туғызатын инфрақұрылым, экология, демалушылардың қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша 40 іс-шараны көздейді.

Үржар әуежайының жарық сигнал беру жабдығы, бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта жаңарту аяқталуда. Әуежай терминалын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында. Бүгінгі таңда "Алматы-Үржар-Семей-Үржар-Алматы" бағыттары бойынша рейстер аптасына екі рет орындалады, – деді Айдын Кәрімов.

Сондай-ақ, әкімнің бірінші орынбасары биылғы маусымнан тамызға дейін рейстердің жиілігі аптасына 3-4 ретке дейін артатынын атап өтті. Сонымен қатар, QAZAQ AIR әуе компаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қабанбай ауылында 2 бірлік техникаға арналған өрт депосын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде. Жобаны іске асыру облысты дамытудың 2024 жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жоспарланған. 2027 жылға дейін жаңа аймақтарды қоса алғанда, көлді жағалауды нығайту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, - деді Айдын Кәрімов.

Следующая →