Қазақстандықтар тағы 26 елге визасыз қатынауы мүмкін
Қазақстан жалпы 26 елмен өзара визасыз режим енгізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр
Ол Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн сияқты елдер, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, "Қазақстанға шақыру" туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылады.
Бұдан бөлек, БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.
Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар біз көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырып отырмыз. Соның бірі eQonaq ақпараттық жүйесі, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.