Үржардағы құсбегілер сайысы мәресіне жетті
Елімізде ұйымдастырылып отырған бірінші әлем чемпионатына жүз шақты құсбегі қатысқан
Абай облысының Үржар ауданында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы аясында құсбегіліктен І әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттық құндылықтарымызға ерекше назар аударғаны белгілі. Халқымыздың "жеті қазынасының" бірі – қазақ тазысын қорғау туралы Президент тапсырмасына сәйкес елімізде біршама істер қолға алынуда. Биыл алғашқы рет елімізде құсбегілердің І әлем чемпионаты өткізіліп отыр.
Ауданымызда өткен ерекше шараға 6 шет мемлекеттерден және еліміздің түкпір-түкпірінен Құсбегілеріміз қатысып, өз бақтарын сынады, - деп мәлімдеді Үржар ауданы әкімдігі. - Құсбегілер сайысын жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдайлар жасалды. Шара үш күнге жалғасып, Бүркіт, Қаршыға, Ителгі, Тазы жарысы ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыс мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысы төмендегідей:
Бүркіт жарысы бойынша жүлделі 1-орын Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), 2-орын Нұман Өмірбек (Абай облысы), 3-орын Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия), Тастанбек Байрақ (Астана қаласы);
Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1-орын Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы), 2-орын Серікбек Ерасыл (Астана қаласы), 3-орын Салават Айтбекұлы (Қырғызстан), Айшуақ Тайманов (Маңғыстау облысы);
Ителгі жарысы бойынша жүлделі 1орын Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2-орын Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3-орын Мұрат Налват (Түркия), Кеуенов Бағдат (Түркістан облысы);
Тазы жарысы бойынша 1-орын Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2-орын Жандос Озатов (Абай облысы), 3-орын Аманбек Дүкенов.
Жүлдегерлер арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.