Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үржардағы "92 шақырым" енді "Қабдеш бекеті" деп аталады

Үржар ауданындағы Таскескен ауылы маңындағы тоғыз жолдың торабындағы төбеде қазақ әдебиетінің классигі Қабдеш Жұмаділовтің кесенесі бой көтерді

Кесененің ашылуына орай Таскескен ауылында конференция ұйымдастырылып, қаламгердің өмір жолы мен артынан қалдырған еңбектері туралы айтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бір жағы Алматы мен Алакөлге, бір жағы Семей, Өскеменге апаратын тоғыз жолдың торабын ел «92 шақырым» атайтын. Енді бұл орынға демалатын үй салынып, бау-бақша отырғызылып, халықтың жазушы аруағына тағзым ететін жерге айналады. Енді ресми түрде бұл жер «Қабдеш бекеті» деп аталады.

Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет", "Парасат", "Достық", "Барыс" ордендерінің иегері Қабдеш Жұмаділовтің кесенесі ашылды, - дейді Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов. - Жиын барысында келген қонақтар, аудан ақсақалдары жылы лебіздерін білдірді. Бұдан кейінгі шара Таскескен ауылдық мәдениет үйінде жалғасып, бірқатар азаматтарға "Абырой" төсбелгісі мен алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен бірге, Қабдеш Жұмаділов атындағы қор атынан игі істің басы-қасында жүрген азаматтар марапатталды. Жиын соңында Қабдеш Жұмаділовтің рухына арнап ас берілді.

Айта кеткен жөн, Қабдеш Жұмаділов былтыр 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды, өзін дәл осы орынға жерлеуді аманат етіп кеткен.

"Соңғы көш", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Тағдыр", "Дарабоз" сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралған.



Следующая →