Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ескі аустриялық жолды кәсіпкерлердің көмегімен жөндемек

Көктемгі селдің салдарынан Катонқарағай ауданындағы ескі жолдағы көпір қирап қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (Катон-Карагайский р-он) / Ескі аустриялық жолды кәсіпкерлердің көмегімен жөндемек
Фото:
Катонқарағай ауданы әкімдігінен

Катонқарағай ауданында орналасқан көпір тіпті жаяу жүріп өтуге де келмейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Негізінен бұл нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің балансында.

Бірақ шекара қызметінің бұл көпірді жөндеуге қаржысы жоқ болса, аудандық әкімдік өз балансында жоқ нысанды жөндеуге қаржы бөлуге құқысы жоқ. Сол себепті де облыс басшысы ШҚО әкімдігінің кезекті отырысы кезінде мәселені инвесторлардың көмегімен шешуді тапсырды.

Кәсіпкерлермен бірге мүмкіндік тауып, оны екі апта ішінде жөндеу қажет. Кейін мұндай жағдайлар туындамас үшін, шекара қызметімен көпірді күтіп ұстаға кім жауапты болатынын белгілеу керек. Қыстыгүні көпірмен жүретіндер көп болмаса да, әсіресе қыс мезгілінде бақылау жүргізу қажет, - деді өңір басшысы Ермек Көшербаев. - Сондай-ақ, сол маңайда 30-шы жылдары салынған тағы бір көпір бар, өте ескі. Оның да жай-күйін тексеру керек.

Айта кетейік, Күршім және Катонқарағай аудандары арасындағы байланысты жақсарту үшін I дүниежүзілік соғыстың австриялық әскери тұтқындары 1914-1916 жылдары соқпақты кеңейтіп, қайта құрды. Осыдан кейін халық арасында жолды "Ескі аустриялық жол" деп атап кетсе керек. Бүгінде бұл әлемнің түкпір түкпірінен туристер келетін ерекше орындардың біріне айналған.

Следующая →