Майемер ауылында жаңа медпунктің іргетасы қаланды
Үлкен Нарын ауданының Майемер ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы басталды
Емхананың құрылысына 217 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Медициналық пункт ауыл тұрғындарына алғашқы санитарлық-медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған.
Жаңа ғимарат баланың денсаулығы кабинетімен, заманауи талаптарға сай келетін процедуралық, терапиялық кабинеттермен жабдықталады. Медициналық көмекті ауыл мен ауылдық округтің 300-ден астам тұрғыны ала алатын болады, - деді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.
Медициналық пункт құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылады. Облыстық денсаулық сақтау департаменті өкілінің айтуынша, медициналық пункт құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 217 млн теңге бөлінген. Мердігер "ГрадСтройСервис" ЖШС ұйымы.