Катонқарағайда аттан құлаған турист ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
Катонқарағай ауданында Мұзтау шыңына көтеріліп бара жатқан турист қыз аттан құлап, жарақат алған
Оған аудан дәрігерлері жедел тікұшақпен жеткізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды. 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, есінен танып қалған, - делінген хабарламада.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті туристерге қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді.ТЖ туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарласуға болатынын ескертеді.