Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Ол өткен айда елордадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен жанжалдасып қалған болатын
Фото:
instagram/beibutshumenov
Осы оқиғадан кейін белгілі былғары қолғап шеберіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Ал бүгін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланғаны мәлім болды.
Естеріңізге сала кетейік, 18 маусым күні Шүменов Астанадағы сауда орталығында қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Осы оқиғадан кейін боксшыға "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды.