Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай Алматыда айтыс өтеді

Биыл көрнекті жазушы, дарынды публицист жерлесіміз Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы

Усть-Каменогорск и ВКО / Улкен Нарын (Катон-Карагайский р-он) / Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай Алматыда айтыс өтеді

Осыған орай өңірде түрлі шаралар жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ал негізгі дүбірлі той Катонқарағай ауданында тамыз айында тойланбақ. Бұл туралы аудан әкімі Ділдар Қалиқан журналистермен өткен брифинг барысында айтты.

Бұған дейін жазушының Шыңғыстайдағы музей-үйі жөнделіп, қайта ашылатынын жазған болатынбыз.

Бұл музей-үйдің есік-терезесі жиырма жылға жуық уақыт бойы бері шегеленіп иен тұрған еді. Әкімдіктің бастамасымен биыл қара шаңырақ қайта мұражай болып ашылмақ.

Оралхан Бөкейдің қара шаңырағын қарындасы Ғалия Бөкейқызынан "Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қоғамдық қоры сатып алды. Яғни, үй қор әзірге мемлекеттің емес, қордың балансында. Бірақ музей-үйді қалпына келтіріп, облыстық мұражайдың теңгеріміне беруді көздеп отырмыз. Қазір сол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы үйдің жағдайы жақсы, сәл жөндеуді қажет етеді. Үйдің өзі демеушілер мен қоғамдық қор есебінен қалпына келтіріледі. Ал үй алдына Оралхан Бөкейдің бюстін қойып, ауланы абаттандыру жұмыстары бюджет есебінен жүргізіледі, - дейді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған той тамызға жоспарланған. Катонқарағай ауданында ас беріп, бәйге шаптыру, сондай-ақ Катонқарағай ауданы мен Өскемен қаласында ғылыми конференция ұйымдастыру жоспарда бар.

Биыл жазушының мерейтойына орай ауданда былтырғыдай дәстүрлі айтыс өткізуді ұсынған едік. Алайда қор құрылтайшылары мен демеушілер халықаралық деңгейде Алматыда өткізсек деген шешімге келді. Демек, Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған айтыс Алматыда өтеді, - деді Ділдар Қалиқан.


Следующая →