Риддерде су тасқыны болмас үшін мұз жару жұмыстары жүргізілді
Риддер қаласының маңындағы Белая Уба өзенінде мұз кептелісі пайда болуы ықтимал орындар бар
Одан өзге, жақында Риддер-Чекмар автожолының 41 шақырымында қар көшкіні түсіп, өзен арнасын жауып тастаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұз кептелісі мен соның салдарынан судың жайылуының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар өзенде алдын ала жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды. Жалпы ауданы 4500 шаршы метр мұз жарылды.
Облыс бойынша мұз кептелісі болуы мүмкін барлығы 16 учаске анықталды, онда наурыз айының басынан бастап мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар жалғасуда, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.