Катонқарағай ауданында туристерді аю талап өлтіргені рас па?
Катонқарағай ауданы әкімдігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Whatsapp желісінде өлген аю мен ол талап өлтірген адамдардың суреті тарап, бұл оқиға Катонқарағай ауданында орын алған және аю талап кеткен азаматтар туристер деген қауесет тараған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл ақпараттың ФЕЙК екенін хабарлаймыз. Жалған таралған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз, - деп мәлімдеді Катонқарағай ауданы әкімдігіндегілер.
Айта кетейік, мессенджер арқылы тарап жатқан өлген аю мен ол талап тастаған адамдардың суреті жақында Ресейді де шулатқан болатын. Тамыз айының басында Новосібір халқы да осы ақпараттан кейін орманға барудан қалған.
Бұл ақпарат Венгеров, Колыванск, Татар және Чистоозёрный аудандарын да шарлап өткен көрінеді. Ал анығында дәл осы сурет 2015 жылдың шілдесінде Татарстандағы "Челнинские известия" сайтында жарияланған. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, үлкен аю екі адамды талап тастаған. Бұл Челн жағалауындағы Заин орманында орын алған.