Бас прокуратура қаңтарда қаза болғандардың толық тізімін жариялады
Бас прокуратура жария еткен тізімде қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 238 адамның есімі бар
Фото:
редакция мұрағатынан
ШҚО Прокуратурасы ұсынған ақпарат бойынша олардың арасында шығысқазақстандық үш азаматтың бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Олар: Ж. Есенжол , К.М. Кабылканов және А.М. Алдашов.
Наурызда бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімі істің барлық мән-жайы анықталған соң жарияланатынын хабарлаған болатын.
Толық тізім ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланған.