Катонқарағайдағы мәдениет үйінде енді апта сайын тегін кино көрсетіледі
Катонқарағай ауданындағы тұрғындар үшін әр ауылда ашық аспан астында тегін кино көрсетіліп отыратын болады
Кеше Абай саябағында аудан орталығы халқының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық мәдениет үйі "ашық аспан астындағы кинотеатрын" ұйымдастырған. Қазақстандық режиссер Әнуар Матжановтың туындысы – комедия жанрындағы "Джохан" кинофильмі көрсетілді.
Үлкеннарындықтар, тіпті, маңайдағы ауыл тұрғындары мұндай жаңалықты қуана қабылдады. Бұл шара Катонқарағай ауылында жалғасын таппақ, - деп мәлімдеді Катонқарағай аудандық әкімдігі. - Алдағы уақытта апта сайын Үлкен Нарындағы мәдениет үйінде халыққа тегін кино көрсетіледі деп жоспарлап отырмыз.