Аршаты мен Берел ауылдарының арасы жақындай түспек
Катонқарағай ауданындағы Аршаты мен Берел ауылдарының арасындағы 12,8 шақырымдық жолға тас төселіп, нығыздау жұмыстарын жүргізіліп, келер жылы жолға орташа жөндеу жүргізуге дайындық жұмыстары жасалуда
Биыл жол жөндеуге 157 млн теңге бөлінген. Мердігер "Өскемен Тәртіп" ЖШС, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аршаты мен Берел ауылдары туристерді тарихымен де, табиғатымен де таңғалдырып келе жатқан өлке. Алдағы жылы "Аршаты-Берел" жолы орта жөндеуден өткен соң екі ауыл арасы жақындай түспек.
Бүгінде Өрел ауылдық округіндегі үш елді мекенде 1600 адам тұрып жатыр. Соның ішінде Аршаты ауылында 62 отбасы тұрады. Ауылда орта мектеп, медпункт бар. Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығы да осы ауылда. Еліміздегі көптеген елді мекендер сияқты бір кездері екі аудан қосылып, күрмеулі мәселелер көбейген шақта Аршатының үйлері де азайып, халқы қалаға көшкен болатын. Енді Катонқарағай өз алдына жеке аудан болып құрылып, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмысын жақсарту жолында белсенді шаралар атқарылуда. Үш елдің шекарасында орналасқан Аршатының ажары қайта кіріп келеді, - дейді Катоқарағай ауданының әкімдігі.