ШҚО полицейлері ақша бопсалаумен айналысқандарды ұстады
Үлкен Нарын ауданының тұрғынынан таныс екі азамат үнемі ақша талап етіп отырған

200 мың теңгесінен қағылған жәбірленуші дереу полицияның көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Үлкен Нарын ауданында ақпан айының соңында 25 жастағы екі азамат танысының жұмыс орнына келіп, "қаржылай қолдау қажет" деген сылтаумен одан 30 мың теңге алған. Алайда көп ұзамай олардың бірі ашық бопсалаумен тағы 170 000 теңге талап еткен. Осылайша, заңсыз алынған қаражаттың жалпы сомасы 200 000 теңгені құрады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қауіпті сезген жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтады. Олардың заңсыз алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО Полиция департаменті бопсалау әрекеттері көбіне "көмек сұрау" түрінде бүркемеленетінін ескертеді. Қысымға бой алдырмай, хабарламалар мен қоңырауларды тіркеп, құқық қорғау органдарынан көмек сұраңыз.