Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +10°
  • Алматы
    +24°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Ақтау
    +14°
  • Атырау
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Түркістан
    +26°
  • Орал
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
482.53
555.44
¥
69.83
5.92
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық семсерлесуші әлемдік бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді

Руслан Құрбановты семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде күміс медальға қол жеткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық семсерлесуші әлемдік бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының тумасы әлемнің ең мықты семсерлесушілерін жеңіп, жүлделі екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімі Instagram әлеуметтің желісіндегі жеке парақшасында спортшыны құттықтады.

Руслан Құрбанов жарқын, батыл әрі кәсіби ойын көрсетті. Шығысқазақстандық семсерлесуші әлемнің 277 үздік спортшысы қатысқан тартысты бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін де біз оның Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогындағы жеңісіне куә болған едік. Русланды, оның жаттықтырушысын және жанкүйер болған туған-туыстары мен жақындарын шын жүректен құттықтаймын! Спортшымыз осы қарқыннан таймасын! – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Естеріңізге сала кетейік, 26–29 наурыз аралығында Астанада семсерлесудің сапы түрінен Әлем кубогы өтті. 96 елден келген 500-ден астам спортшы бақ сынап, өзара кіл мықтыларды анықтады.

Аталмыш жарыс - елімізде және Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды дода.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Руслан Құрбанов Семсерлесу Күміс жүлде