Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаиха аудандық ауруханасына компьютерлік томограф әкелінді

Ауданда онкологияға шалдыққан 880 науқас диспансерлік есепте тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаиха аудандық ауруханасына компьютерлік томограф әкелінді
Фото:
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығынан

Аудан тұрғындарына енді тексеруден өтуге облыс орталығына келудің қажет жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыстың штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сағидуллина бастаған ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандар тобы Шемонаиха ауданында болды. Сапардың мақсаты - аудандағы онкологиялық қызметтің жай-күйіне мониторинг жүргізу және бағалау.

Мониторинг және бағалау тобы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын жақсарту мақсатында тұрақты негізде МСАК ұйымдарына консультациялық және практикалық көмек көрсетеді. Мамандар аудан ауруханаларындағы тексеру кабинеттерінің жұмысын және онкоскринингтердің сапасын талдап, "Жасыл дәліз" жүйесінің қалай іске асырылып жатқанын тексерді, сондай-ақ пациенттерді қабылдап, қажетті консультация берді, - деп хабарлады ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының баспасөз қызметі.

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданында 880 онкологиялық науқас диспансерлік есепте тұр. Науқастардың көбі өкпе қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі, бүйрек қатерлі ісігіне шалдыққан.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында Шемонаиха ауданында компьютерлік томограф пайда болды. Енді тұрғындарға тексерістен өтуге басқа қалаға барудың қажеті жоқ, - деді ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сағидуллина. - Компьютерлік томограф PACS жүйесіне қосылған, бұл барлық суреттерді бірыңғай дерекқорда сақтауға және оларды онкологтарға онлайн жіберуге мүмкіндік береді. Онкоскрининг жүргізу үшін орталық аудандық ауруханада маммограф бар.

Өткен жылы Шемонаиха ауданына медициналық білімі бар 17 жас маман келген. Аудан әкімі Григорий Акулов оларға жан-жақты қолдау көрсеткен: барлық 17 маманға тұрғын үй мен көтерме қаражаттар бөлінді.

Следующая →