"Ертіс" паромының орнына "Одесса" теплоходы жүреді
"Қызыл ту" өткелінде Күршім мен Самар аудандарының арасында жүретін "Ертіс" паромы қазір жөндеуде тұр
Оның орнына 27-28 сәуірден бастап "Одесса" теплоходы қатынайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ақпаратына сүйеніп.
"Қызыл ту" өткелінде "Ертіс" паромының уақытша тоқтатылуына байланысты, шамамен 27-28 сәуір аралығында "Одесса" теплоходы пайдаланылады, - деп хабарлады басқарма. - Бүгінгі күнге "Одесса" теплоходының жұмысшылары су бетіндегі мұздың ағып кетуін тексереді. Мұз кеткен жағдайда теплоход "Қызыл ту" өткелінде қозғалысын бастайды. Жол жүру уақыты 12-14 сағат.