Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаихадағы түрмедегілерге ішімдік лақтырған

Заттарды қоршаудың арғы жағынан лақтырған адам дереу ізін суытқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаихадағы түрмедегілерге ішімдік лақтырған
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Жазасын өтеушілердің бірі оны алуға ұмтылғанын көрген бекет сақшысы ескерту оғын атқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Кешкі уақытта Шемонаихадағы түзеу мекемесіне қоршаудың сыртқы жағынан біреу ішке қарай белгісіз заттар лақтырған. Өзі оқиға орнынан дереу ізін суытқан.

Осы сәтте сотталушы тұрғын аймақтан сытылып шығып, зат түскен аумаққа қарай ұмтылғанын байқап қалған бекет сақшысы алдымен қарауыл бастығына хабар береді. Одан кейін жазасын өтеушіге дауыс арқылы ескерту жасағанымен сотталушы сақшының бұл әрекетіне мән бермеген. Жауынгер бұдан кейін қаруын сақтандырғыштан шешіп, жоғары қарай ескерту оғын атқан, - деп мәлімдеді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Бұл уақытта әскери жасақ оқиға орынына жедел жетіп, тыйым салынған заттарды алып кетпек болған сотталушыны ұстады.

Кейін анықталғанда белгісіз азамат сотталушыларға спирттік ішімдік лақтырған екен.

Следующая →