ШҚО-да жыл басынан бері үш адамға иіс тиген
Ал 2023 жылы көміртегі тотығымен уланудан 35 адам зардап шеккен
ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, көміртегі тотығынан қайтыс болған адамдардың саны 2 есе азайды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Көміртегі тотығынан қайтыс болған адамдардың саны 2 есе азайды. 2023 жылы қаза тапқан адамдардың саны 4 адамды құрады.ШҚО-да өткен жылы көміртегі тотығымен уланудан 35 адам зардап шеккен, оның ішінде 12 бала бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көміртегі тотығынан жарақат алғандардың саны 2,4 есеге артқан, - деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Әуез Талғатұлы. - 2024 жылдың басынан бері 3 адам зардап шекті (2 Өскемен қаласында және 1 Глубокое ауданында). Өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге азайған (2023 жылы - 7).
Әуез Талғатұлы атап өткендей, көбінесе тұрғын үйлердің иелері түтін мұржасын, пеш құдығын уақтылы тазаламайды. Түтін тартпай, соның салдарынан қауіпті газ тарайды. Көбінесе пештердің сыртқы бөлігі апатты жағдайда болады, әктелмейді, жарықтар жылдар бойы бітелмейді.
Облыста халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының отбасыларында көміртегі тотығы датчиктерін орнату бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Барлығы 2400-ден астам осындай құрылғылар орнатылған.