Шемонаихадағы жарылыста зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды
Екеуінің де денесін 100 пайызға күйік шалған, аман алып қаул мүмкін болмады
Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, өткен бейсенбі күні Шемонаиха қаласындағы газ толтыру бекетінде жарылыс болды. Екі ер адам бірден ауруханаға жеткізілсе, кейін тағы зардап шеккен әйел және ер адам түсті.
Бүгін екі адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Екеуінің де денесін 100% күйік шалған.
Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. - Ал кейін түскен әйел мен ер адамның жағдайы тұрақты. Пациенттерге бүкіл қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.