Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қарағанды облысының әкімі абаттандыру ережелерін қайта қарауды тапсырды

Өткен аптада ойын алаңында орын алған оқыс жағдайдан кейін жауапты қызметкер қызметінен босатылды

Новости Казахстана / Қарағанды облысының әкімі абаттандыру ережелерін қайта қарауды тапсырды
Фото:
Қарағанды облысы әкімдігінен

Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аулаларды абаттандыруға жауапты орынбасары жұмыстан шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев екі бала зардап шеккен балалар ойын алаңындағы төтенше жағдайдан кейін қауіпсіздікті күшейту үшін абаттандыру ережелерін қайта қарау керектігін айтты.

Өткен аптада бізде төтенше жағдай орын алды. Ересектердің немқұрайлылығынан екі бала зардап шекті. Мен барлығына бірнеше рет ескерттім және тағы да қайталаймын: ойын алаңдарын жөндегенде ең алдымен қауіпсіздік туралы ойланыңыздар! Футбол қақпалары мен сәулет нысандарын тексеріп, нығайтыңыздар, ештеңе құлап жатпауы керек! Мердігерлер асығыстық танытып, тезірек ақша тапқысы келеді, ал кейбір әріптестеріміз бұған көз жұма қарайды, - деді Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.

Ол қала әкіміне Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасарын жұмыстан шығаруды тапсырды. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына мердігердің жауапкершілігіне құқықтық баға беруді сұрады.

Мұндай нәрселерге бұдан былай жол беруге болмайды. Абаттандыру ережелерін қауіпсіздікті арттыру бағытында қайта қарауды тапсырамын. Мысалы, неге жасанды көгалдың орнына тартан жабынын қолданбасқа. Мұның бәрін зерттеу керек, өзгерістер енгізу керек. Біздің мақсатымыз – қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету. Бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешу қажет, - деп атап өтті өңір басшысы.

Следующая →