Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шемонаиха ауданында биыл мектеп салып, жол жөндеп, интернет тартылады

Шемонаихалықтар көтерген бірқатар мәселе биыл шешім таппақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Шемонаиха ауданында биыл мектеп салып, жол жөндеп, интернет тартылады
Фото:
Шемонаиха ауданы әкімдігінен

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуі барысында бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Халықпен кездесу өткізіп, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ғана емес, сонымен қатар алдыңғы кездесу барысында айтылған мәселелердің шешімі туралы айтылды, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Мәселен, биыл Шемонаихада "Жайлы мектеп" жобасы аясында біз 300 орындық мектеп салуды және Выдриха, Камышинкадағы жалпы білім беру мекемелерін жөндеуді бастаймыз. Аудандық аурухананы жөндеуге миллиардтан астам теңге бөлінді, онда барлық қажетті жабдықтар, соның ішінде компьютерлік томограф орнатылады. Аудандық аурухананың екі дәрігері Израильде оқытылады.

Сондай-ақ, "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеуге 124 миллион теңге, сумен жабдықтау жүйесін жүргізуге 125 миллион теңге бөлінді.

Біз үшін "Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" жолын жөндеу маңызды болып табылады, сондай-ақ жаңа көпір салу жобасы бар, - дейді өңір басшысы.

Биыл алты ауылға интернет желісі тартылмақ. Көпбалалы отбасыларға арналған үйлер құрылысы да жүріп жатыр. Сонымен қатар, фитнес орталығын салу үшін орын анықталды.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Облыс бойынша космомониторингтің көмегімен бос жатқан 509 мың га анықталды. Олар халыққа жайылымдар, сондай-ақ тұрақты дамып келе жатқан агроқұрылымдары бар шаруашылықтар үшін беріледі.

Жалпы, ауданда агроөнеркәсіп кешені секторы қарқынды дамып келеді, ҚХР сертификаттау стандарттары бойынша зертхана ашылғаннан кейін өнімді экспортқа жеткізу үшін әлеует бар, - деді облыс әкімі.


Следующая →