Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО шалғай ауылдарына тегін медициналық пойыз келе жатыр

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы ШҚО және Абай облысында орналасқан 11 шалғай станцияға тоқтайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО шалғай ауылдарына тегін медициналық пойыз келе жатыр
Фото:
"ҚТЖ" АҚ сайтынан

Бұл жерде ауыл тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр сияқты білікті мамандарға тегін қарала алады, деп хабарлайды Устинка LIVE "ҚТЖ" АҚ ақпаратына сүйеніп.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 23 мамырдан 12 маусымға дейін ШҚО мен Абай облысының 11 шалғай станциясын аралайды.

Дәрігерлер науқастарды сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды (түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).

Пойыз 23 мамырда Жарма (келу уақыты 07.16), 25 мамырда (07.47) – Ертіс зауыты, 27 мамырда (09.11) – Тишинская, 29 мамырда (09.05) – Ермаковка, 29 мамырда (20.50) – Таусамалы, 31 мамыр (22.05) – Алтай, 2 маусымда (21.03) - Күмістау, 5 маусым (03.30) - Шар, 6 маусым (23.32) – Суықбұлақ, 8 маусым (21.55) – Белағаш және 11 маусым (00.11) – Дегелең бекеттерінде болады.

- 29 мамырда Ново-Троицк ауылы "Ермаковка" станциясына заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УДЗ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған "Жәрдем" медициналық пойызы келеді, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігі. - Осы күні станция маңында тұратын тұрғындар үшін жоғары білікті медициналық көмек қолжетімді болмақ.

Тұрғындар терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр сияқты білікті мамандардан тегін тексеруден және емдеуден өте алады.

Сонымен қатар, азаматтарға әлеуметтік қолдау алу құқықтары, зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік заңнамадағы басқа да өзгерістер бойынша тегін кеңестер көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін, тұрғындардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Следующая →