Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Шемонаиха ауданын көркейтуге 4 млрд теңге бөлінген

Жалпы жыл көлемінде Шемонаиха ауданында 60 жобаға 4,2 млрд теңге қарастырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Шемонаиха (Шемонаихинский р-он) / Биыл Шемонаиха ауданын көркейтуге 4 млрд теңге бөлінген
Фото:
редакция мұрағатынан

Ал Шемонаиха қаласында 2,1 млрд теңгеге 8 жоба жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл 8 жоба ішінде аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу, Железнодорожный шағын ауданында 300 орындық мектеп салу, 60 пәтерлі тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысын аяқтау, Железнодорожник шағын ауданының су құбыры желілерін реконструкциялау, көше жарығын орнату, жолдарды орташа жөндеу және тротуарды орнату, - деді Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов.

Өзертулер мен жаңартулардан ауылдық округтер де шетте қалмады. Мысалы, Первомайский кентінде балалар алаңы, көше жарықтандыру құрылғысы және ҚТҚ контейнері орнатылады. Сонымен қатар, кент сумен жабдықталып, демалыс орталығына су тартылып, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Камышинка ауылындағы мектептің электр сымдарына, Кенюхово ауылындағы сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргіземіз. Зевакино және Убинка ауылдарына кіреберісті аббатандырамыз. Сондай-ақ, Межовка ауылында медициналық пункт салу және Зевакин ауылдық округіндегі А. Иванов атындағы мектепке жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, Рулиха ауылында Таловка өзенінен өткізетін және Березовка ауылындағы көпірлерді жөндеу жоспарланған.


Следующая →