Өскемен
Қалың бұлтты
-22°
  • Өскемен
    -22°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -15°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    +9°
$
501.02
597.27
¥
72.08
6.59
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Талдықорған-Өскемен күре жолында жөндеу жұмыстары басталады

Ауа райының жылынуына орай 8 өңірде жол құрылысы маусымы басталды

Новости Казахстана / Талдықорған-Өскемен күре жолында жөндеу жұмыстары басталады
Фото:
редакция мұрағатынан

Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында жолшы мамандар қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға сілтеме жасап.

Қайта жаңарту жұмыстары бес күре жолда жалғасын тапты. Олардың қатарында "Атырау-Астрахань", "Қарағанды-Балқаш", "Меркі-Бұрылбайтал", "Күрті-Бұрылбайтал", "Талдықорған-Өскемен" автожолдары бар.

Тағы 18 республикалық маңыздағы тасжолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, биыл "Сарыөзек-Көктал" (45-68 шқ арасы), Құрық-Жетібай (0-40, 40-64 шқ арасы) трассаларының бірқатар бөліктерін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен "Самара-Шымкент", "Алматы-Шелек-Қорғас", "Шымкент қаласының айналма жолы" күре жолдарының учаскелері және т.б жолдар қамтылды, - делінген ақпаратта.

Жалпы, биыл республикалық жолдар желісі бойынша 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса. 3,4 мың шақырым республикалық маңыздағы жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 8 мың бірлік арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдыру көзделіп отыр.

Следующая →