Шемонаиха тұрғыны құбыр арасында қысылып қалған
Шемонаихалық азамат жылынбақ болып жылыту құбырларының арасына аяғы қысылып, төтенше жағдайға тап болды
Шемонаиха ауданының құтқарушылары шақырту бойынша Вокзальная келіп, жылыту құбырының арасында кептеліп қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жәбірленушіні өтіп бара жатқан балалар байқап қалып, "112" қызметіне қоңырау шалған.
Азаматтың аяғы құбырлардың арасында тұрып қалған. 28-ӨСБ қызметкерлері арнайы құралдардардың көмегімен құбырды ашып, ер адамды алып шықты. Ер адам қақаған аязда жылынамын деп төтенше жағдайға тап болған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД төтенше жағдайларда "112" нөміріне хабарласу қажеттігін еске салады.