Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі көпқабатты үйде өрт шықты

Өрт кезінде құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады, оның алтауы балалар

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі көпқабатты үйде өрт шықты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Бүгін сағат 13.00 шамасында Бажов көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте тұрғындарды эвакуациялап, артынша өртті жоюға кірісті. Анықталғандай, ас үйдегі ағаш жиһаз құрылымдары өртенген. Үй иесі өрт сөндіру қызметі келгенше қою түтінге оранған пәтерден шығып үлгерген.


Өрт сөндірушілер 8 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өртке байланысты электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нұсқасы пысықталуда. Қуат жолағына бірнеше құрылғы (тоңазытқыш, мұздатқыш, микротолқынды пеш, шәйнек) қосылған.


ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.


Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт Эвакуация