Шемонаихада осы аптада жалпықалалық сенбілік өтеді
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 9 сәуірі, бейсенбіде шемонаихалықтар түгелдей сенбілікке шықпақ

Қала тұрғындары өз үйлерінің ауласын, ал кәсіпкерлер жеке меншік нысан аумағын қоқыстан тазартуы керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха қаласының тұрғындары және барлық меншік нысандарының иелерін үйлері мен ғимараттардың аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуді сұраймыз, - деп хабарлады Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты. - Естеріңізге сала кетейік, меншік иелері іргелес аумақты өз бетінше немесе жасалған шарттар негізінде таза (периметрі бойынша 5 метр шегінде) ұстауға міндетті.
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.