Өскемен ЖЭО-да жабдықтарды жөндеу жұмыстары басталды
Жылыту маусымы әлі аяқталмаса да жылу желілерін келесі қысқа дайындау жұмыстары басталып кетті

Биыл Өскемен ЖЭО-да ауқымды жұмыс атқарылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Екі қазандық агрегатын күрделі жөндеу, үшеуіне орташа жөндеу және қалған төртеуіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ станцияның барлық сегіз турбоагрегатында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тоғыз қазандық агрегатының біреуін жөндеу жұмыстары аяқталып та қойды. Кесте бойынша №7 қазандық агрегатындағы бу қыздырғыш пен ауа жылытқышты ауыстырылуда. Инфрақұрылым жаңартылуда: №2 ОРУ-110 кВ жерасты су құбыры, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық құбырлар мен жабдықтар. Айта кету керек, жөндеу барысында станция жұмысы тоқтатылған жоқ, қаладағы нысандарға жылу тұрақты беріліп тұр.
Жөндеу науқаны – қысты сенімді өткізудің негізі. Біз жабдықты кезең-кезеңімен жаңартып, тозуды азайтып, станцияның тұрақтылығын арттырамыз, - дейді Өскемен ЖЭО бас директоры Данияр Нұғыманов.