ШҚО-да балықшылар қар құрсауында қалған
Шемонаиха ауданында Убинка ауылынан 3 км қашықтықта боран салдарынан балықшылар үйлеріне жете алмай қалған

Балықшыларға құтқарушылар көмекке келіп, эвакуациялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, ер адамдар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды
Өтімділігі жоғары техникамен оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Қар басқан ауылдық жолмен зардап шеккендерге жеткен құтқарушылар үш ер адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ балық аулауға, демалысқа шыққанда дауылды ескертулерді елемеуді ескертеді.