Биыл Өскемендегі Ертіс көпіріндегі жол жөнделеді
Қала әкімі көпір жолын мамырдан бастап жөндеп, күзге дейін аяқтауды тапсырды

Оған дейін жолдағы шұрық-тесік тағы да жамалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін шаһар басшысы аппараттық кеңес өткізіп, Ертіс көпірін жөндеу мәселесі қаралды.
Тиісті бөлімдерге көпірді жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айының соңында бастап, 1 қыркүйекке дейін аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар бердім, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов. - Сонымен қатар, негізгі жөндеу жұмыстары басталғанға дейін көпірдегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жабынына шұңқырларды жамау жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. Жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімдерінің сақталуы қатаң бақылауда болады.