Шемонаиха қаласында дәрігерлік амбулатория салынады
Қазір амбулатория мен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі үшін жеке корпус салуға жобалық құжаттар әзірленуде

Бұл медициналық нысандардың құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Халық Шемонаиха аудандық ауруханасында жұқпалы аурулар бөлімшесі ғимараты мен дәрігерлік амбулатория салу қажеттігін айтып жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында KAZ Minerals компаниясы Шемонаиха қаласында дәрігерлік амбулатория мен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі үшін жеке корпус салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Нысандар 2026 жылы салынады. Сонымен қатар, аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту бойынша қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Қаржыландыру мәселесі мемлекеттік сараптама нәтижесі алынғаннан кейін қаралады, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Волчанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуы 89,3%-ды құрайды.
Осы жылдың басынан бері Шемонаихада қатерлі ісікке шалдыққандар 12,8%-ға, қант диабеті 33,2%-ға төмендеді. Нәресте мен ана өлімі тіркелген жоқ.